Соңғы жаңалықтар

ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Бүгін халықаралық жастар күні. Атаулы датаның маңызы жылдан жылға артып келеді. Жастар қоғамның қозғаушы күші. Өз білім-білігіне сенген жас қана өмірден өз орнын таппақ.

Шымкент – жастар қаласы. Алып шаһарда жастар саялайтын, бір-бірімен тәжірибе алмасатын, өз біліктіліктерін дамытатын орындардың санын көбейту қажет. Ол – жастар саятындағы басым бағыттардың бірі. Таяуда қала әкімі волонтерлік және жастар ұйымдары басшыларымен кездесуде осыған назар аударды.
Ресми статистика деректеріне сәйкес, Шымқалада 239 443 жас бар. Яғни, бұл жалпы халық санының 22,8 %-ын құрайды. 48 жоғары және орта арнаулы оқу орындары бар. Оның ішінде 11 жоғары оқу орны (3 мемлекеттік, 8 жекеменшік) және 37 орта арнаулы оқу орындары (14 мемлекеттік, 23 жекеменшік) бар. Жалпы оқу орындарында 143 487 студент білім алады. Сондай-ақ, Шымкент қаласында 133 мектеп бар. Онда 369 136 оқушы білім алуда. Бұл әлеуетті күш, әрине.

Үшінші мегаполисте жастар саясатын дамыту, жастарды жұмыспен және баспанамен қамту әрдайым назардан түспек емес.

Бұл шақ – мамандық таңдап, үлкен өмірге аяқ басар кез. Арманыңыз бен мақсатыңызға бет бұрасыз. Жоспар құрып, арманның жетегіне еретін кез. Бұл кезеңде адам бойында күш қуат та, үйренуге деген құштарлық та тасып тұрады.

Елдің болашағы жастардың қолында. Бүгінгі мерекеге орай қалада бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр. Соның бірі, қала жастарының қатысуымен өтетін арнайы құттықтау видео акциясы. Және қала жастарына арналған «Жастарға алғыс» бейнеролигі жарияланады.

Қатысты жаңалықтар

Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда

azatmedia

Коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты

azatmedia

Кредит алатындарға жағымды жаңалық – министр түсіндірді

azatmedia

Пікір қалдыру