Соңғы жаңалықтар

АБАЙ ДАНАЛЫҒЫ – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ

Биылдан бастап ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз «Абай күні» болып бекітілгені белгілі. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай Құнанбайұлы ақын, ғұлама ойшыл, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы – тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланады» – дегені бар. Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы.

Осы айтулы мерекеге орай Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт – дәстүр орталығы мен «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы бірлесе, «Абай даналығы – халық мұрасы» атты әдеби сазды кеш өткізді. Кеште Абай бала өмірін баяндайтын «Бала Абай» атты қойылым көрсетілді.

Кеште Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған әндер (Т. Әлменов «Сегізаяқ», А. Берікқызы «Қобыланды батыр» жырынан үзінді, Т.Хабдыразақ, Ж.Әшірбек, С. Төреханов халық әні «Бесқопа») орындалды.

Әдет-ғұрып және салт – дәстүр орталығының қызметкерлері жырларынан үзінді оқыды.

Қатысты жаңалықтар

The Different Types of Saving and Investment Bond Explained

azatmedia

Сарыағаш: Жемісті ауылдық округі электр желілерімен толықтай қамтылған

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 20 АЗАМАТҚА «ҚАЛАНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕ ШЕШІМ ШЫҒАРЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру