Әлем жаңалықтары

Израиль бір минут ішінде коронавирусты анықтайтын тест алуды үйренді

Израиль ғалымдары ойлап тапқан тесттің дәлдігі 96 пайыздан асады, COVID-19 сынамасы бір минуттан артық уақытты алмайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Процедураның кезеңдері келесідей: пациент аузын тұзды сумен шаю керек, содан кейін одан сілекей үлгісі алынады. Сынамалар COVID-19 вирусын анықтайтын құрылғы көмегімен зерттеледі.

Тесттен өту үшін жергілікті тұрғындарға бір шекель (шамамен 125 теңге) төлеу керек. Қазіргі таңда 250-ге жуық адам израильдік жаңа технологияның тексеруінен өтіп үлгерген хабарлайды РИА Новости.

Жақында Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі әуежайларда қолдануға арналған жабдықтар тендерін жариялайды. Бұл адамдардың қауіпсіз саяхаттауға болатындығын білдіреді.

Соңғы деректер бойынша, елімізде өткен тәулікте 271 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, қауіпті дертті жұқтырғандардың саны республика бойынша 103 571-ге жетті.

Ал COVID-19-дан жазылып шыққандар саны 86 286-ға, індет құрбанына айналғандар саны 1415-ке өскен.

Сондай-ақ елімізде коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққандар саны да артып жатыр. Мәселен, өткен бір тәулікте 1081 адамға осы диагноз қойылған. Аталған аурудан кеше 11 адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Ал жалпы ауру 19 754 адамнан анықталып, 231 адам пневмониядан қайтыс болған.

Естеріңізге сала кетейік, Жапонияның инфекционистер ғылыми қауымдастығы қазір елде коронавирустың екінші толқыны жүріп жатыр деп есептейді. Олардың болжамына алдағы уақытта COVID-19-дың үшінші толқыны болуы мүмкін.

Қатысты жаңалықтар

Париж тұрғындарын жойқын жарылыс даусы шошытты (Видео)

azatmedia

Путин Сербия президентінен кешірім сұрады

azatmedia

Ливан астанасында тағы төтенше жағдай болды (ВИДЕО)

azatmedia

Пікір қалдыру