Ақпарат

Әлеуметтің әлеуеті әлденетін күн жақын

Түркістан облысының Келес ауданы,  Алпамыс батыр ауылдық округінің бюджеті толығымен игерілген, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Алпамыс батыр ауылдық округі 2020 жылдың 5 айында округ әкімі аппаратына қарастырылған 83,094 млн. теңге қаржы қаралып толық игерілді. Соның ішінде жеке меншік балабақшаларға, 2020 жылы бөлінген 50, 615 миллион теңге қаржы қаралып, толық игерілді.

Ал, елді мекеннің ішінде ішкі арықтарды механикалық тазалауға 7079480 миллион теңге, ауылдық округтің автомобиль жолдарын курделі және орташа жөндеу жумыстарына 7,950 миллион теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді.

Сонымен қатар, оқушыларды тасымалдау жұмыстарына 6 миллион теңге қаржы қаралып, №18 Б.Майлин мектебіне 50 оқушыны автокөлікпен тасымалдау ұйымдастырылып, толығымен игерілді.

Мүлік салығы жоспар бойынша 2020 жылдың жарты жылдығына берілген 45 мың теңге бүгінде толықтай орындалып отыр.  Ал, жер салығы бойынша жоспар бойынша 120 мың теңге болса, 100 пайыздан асыра орындалған.

Сондай-ақ көлік салығы бойынша 1 миллион 497 мың теңге, бүгінде оның 703 мың теңгесі бюджет есебіне түсірілген.

Қатысты жаңалықтар

ҚАҢҒЫБАС ИТ ПЕН МЫСЫҚТЫ КАСТРАЦИЯЛАУ ОЛАРДАН ТӨНЕТІН ҚАУІПТІ АЗАЙТАДЫ

azatmedia

Әлеуметтік патерналистік нарық

azatmedia

«ЕР ҚАРУЫ – БЕС ҚАРУ» ОНЛАЙН-КӨРМЕСІ ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру