Соңғы жаңалықтар

ШЫҢҒЫС МҰҚАН: «НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАСАҚ, ІНДЕТТІ ҚАЙТА ӨРШІТІП АЛУЫМЫЗ МҮМКІН»

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәжілісінде, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы қаладағы қалыпқа түсе бастаған эпидемиологиялық ахуал жөнінде сөз қозғады.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары жеке жоспар жоқ, мемлекеттік мақсат бар екенін айта келе, «бүгінгі жағдай қалыпқа келді деп, оған немқұрайлы қарасақ, үшінші толқын болуы әбден мүмкін. Ол – қарапайым шындық. Эпидемиология кеше пайда болған жоқ, ол – ғылым, зерттелген дүние. Яғни, сақтанбасақ, індетті қайта өршітіп алуымыз мүмкін. Дегенмен әлем ғалымдары бұл вирусты ауыздықтау үшін күресуде. Бүгінде дүние жүзінде ғалымдар 160-тан аса вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр. Оның ішінде екі вакцинаны еліміздің ғалымдары сынақтан өткізуде» деп, сөзін түйіндеді Ш.Жұмабекұлы.

Брифингте Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері кәсіпкерлік нысан иелерінен санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.

– Мақсатымыз айыппұл өсімін көбейту емес, бірақ кәсіпкерлік нысан иелері талапқа сай жұмыс істемесе, шара қолданамыз. Бұл ретте эпидемиологиялық ахуал кезіндегі қаламыздағы дәріханаларға жүргізілген мониторинг бойынша айтсам, 457-і дәріханаға тексеру жүргізілді. Олардың 87-сінен заң талаптарын бұзу анықталып, айыппұл салынды. Және олардың 27-сі сотқа жолданып, бүгінде 8-не тергеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Ә.Төлебаев.

Тимирхан Исабалұлының айтуынша, Шымкент қаласында 2020 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша 5025 Сovid-19 жағдайы тіркелген. Оның ішінде симптомдық – 2572, симптомсыз – 2453. Ал өткен тәулікте 14 адам вирус жұқтырған.

Қатысты жаңалықтар

Атыраулық аспаз жұмыртқаны асфальтте қуырудың тың тәсілін көрсетті (видео)

azatmedia

ШЫМКЕНТ: В КАРАТАУСКОМ РАЙОНЕ РАСТЕТ ЧИСЛО МАТЕРЕЙ-ГЕРОИНЬ

azatmedia

Төрт баласын өлтірген әйел полицияға келіп, кінәсін мойындады

azatmedia

Пікір қалдыру