Санатталмаған

БЛОК-БЕКЕТТЕГІ ПОЛИЦЕЙДІ ҰРЫП-СОҚҚАН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ

AzatMedia.kz. 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында блок-бекеттер орналастырылды.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент кентіне қойылған блок-бекетте қызметтiк мiндетiн атқарып тұрған полиция қызметкеріне жергілікті тұрғын мас халде келіп, полиция қызметкерінің тыйым салынған аумаққа кіруге болмайтындығы туралы ескертуіне құлақ аспаған. Аталған тұрғын тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбай, көпшіліктің көзінше жария түрде, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып қорлаған және қызметтік міндетін атқарып тұрғанына қарамастан кеуде тұсынан қолымен ұрып-соғып, дене жарақатын салған.

«Аталған жайт, Мақтаарал АПБ СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 380 бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тұрғын қамауға алынды» – делінген Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

                                                                                       көрнекілік фото: ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру