Соңғы жаңалықтар

Көлігіңізді тіркеп үлгердіңіз бе?

Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу елдің барлық өңірінде ағымдағы жылдың1 қыркүйегіне дейін ғана жүргізіледі, деп хабарлайды azatmedia.kz. Тіркеуге жататын көліктер: Арменияның уәкілетті органында Қазақстан азаматтарының атына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін елімізге әкелінген рулі сол жақта орналасқан автомобильдер. Бұл ретте, заңда көзделген бастапқы тіркелгені үшін алым, утилизациялық алым және кедендік баж алынып тасталған. Яғни, автомобильді тіркеу құны түптеп келгенде, 11 946 теңгені құрайды. Оған 695 теңге (0,25 АЕК)– тіркеу үшін алым, 3 773 теңге (1,25 АЕК)–техпаспорт үшін баж, 7 778 теңге (2,8 АЕК)– мемнөмір үшін баж кіреді. Басқа төлемдер көзделмеген. Бұдан басқа, осы тіркеу науқаны аясында алдағы уақыттарда қандай да бір өзге алымдарды төлеу бойынша ешқандай міндеттеме туындамайды. Есепке алынған көліктерге сары нөмір беріледі. Рулі оң жақта орналасқан автокөліктер тіркеуге жатпайды.

Және бір айта кетерлігі, тіркелген автомобильдерді пайдалану мерзімі шектелмеген. Автомобильдің меншік иесі оны пайдалану мерзімдері туралы шешімді өзі қабылдауға құқылы. Егер азамат өз автомашинасын қайта сатқысы келсе, ол: «қазақстандық» мемнөмірлер мен техпаспорттарды тапсырумен автомобильді Қазақстанның есебінен шығаруға; мамандырылған ХҚКО-да «армяндық» нөмірлері мен техпаспортты қайтып алуға тиіс; Армения есебінен шығару, ол үшін қазіргі таңда «өзінің баруы қажеттігі» көзделген; Қазақстаннің заңнамасында көзделген (кедендік баж, бастапқы тіркеу және кәдеге жарату алымы) төлемдерін төлеу. Осыдан кейін, ол автомобильді басқа тұлғаға қайта сата алады

Қатысты жаңалықтар

Түркістан: Тұрмысы төмен отбасылар Сарыағаш қаласы әкімдігінің басты назарында

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АРТУДА

azatmedia

Месси «Барселонадан» кетеді

azatmedia

Пікір қалдыру