Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік ахуал жақсарады

Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округі 1994 жылы құрылған, ауылдық округтің құрамына 5 елді мекен кіреді, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Олар Бекбота, Ащыкөл, Байғабыл, Қалғансыр, Майда Бозай, орталығы Бекбота ауылы. Жалпы жер аумағы 82935 гектар. Жалпы халық саны 4099 адамды құрайды.

Округ аумағында 4 жалпы орта  мектеп, 4 бала бақша, 1 ауылдық аурухана мен 1 дәрігерлік емхана, 2 ФАП, 3 медициналық пункт, 1 мәдениет  үйі, 1 кітапхана, 7 ЖШС, 136 шаруа қожалық пен 3 өндірістік кәсіпорын жұмыс жүргізіп келеді.

Ал ауылдық округ әкімі аппаратында 7 мемлекеттік қызметкер: ауылдық округ әкімі, бас маман іс басқарушы, бас маман есепші, бас маман статист, бас маман жер инспекторы, жетекші маман әскери есеп жүргізуші, жетекші маман салық инспекторы болып 7 штат бірлігімен жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар келісім шарт негізінде 3 маман (инспектор және 2 статист ) қызмет атқарады.

Ауыл тұрғындарының ахуалын жақсартуда әлеу­мет­тік сала бойынша жүргізіліп жат­­қан жұмыстар мен қолға алынып отырған жобалардың да қосатын үлесі бар. Кәсібін жаңа бастаған жандарға қолдау көр­се­ту, әрбір азаматтың қоғамнан өз орнын табуына ықпал ету де ма­ңызды іс. Әлеуметтік саланы түлетуде осындай­ жоспарлы шаралардың соны сер­­­пін беретіні де даусыз. Алдағы уақытта да елді мекенде әлеуметтік саланың серпін ала түсетініне сенім бар. 

Қатысты жаңалықтар

Ерікті QAZCOVID-IN вакцинасынан қайтыс болса 500 мың теңге төлем жасалады

azatmedia

ЖАҢАТАЛАП ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

azatmedia

Дәрігерлердің отбасына 10 миллион теңгеден беріледі

azatmedia

Пікір қалдыру