Санатталмаған

ТАРИХТЫ ТҮГЕНДЕП, БОЛАШАҚҚА АМАНАТ ЕТУ – ЕЛІН СҮЙГЕН ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ.

«Ешан» атанып кететін Ишан Шадманқожаұлы 1833 жылы Ташкент маңындағы қазақ ауылдарының бірінде дүниеге келген. Жасынан діни сауатты болған. Заманындағы аса жоғары білімді ұстаздарға шәкірттік жасап, арнайы дәріс алған. Дінге айрықша берілгені сондай, 1600 күн жер асты мешітінде тұрып, Аллаға мінәжат еткен. Ал оразаны өмір бойы үзбеген. Көбінесе жеміс-жидек, көкөніспен қоректенген, ет жемеген. Осыдан кейін «ет жемес Ешан ата» атанып кеткен.
1866 жылы Келес өңірінің игі жақсылары Ишан атаны орталарына алдырып, елде бас-көз болуға қолқа салады. Келес өзенінің жағасынан ақ қанатты киіз үй тігіп беріп, барлық жағдайын жасаған. Осыған орай әулие ата жергілікті халықты алғаш рет егіншілікке, бағбандық пен сауда-саттыққа баулыған. Қаншама бау-бақша еккізген. Бұған қоса жұртты жол, көпір, тұрғын үй салуға үйретіп, отырықшылдыққа бейімдеген. Сол еңбегінің нәтижесінде бір жылдың ішінде осы алаптан қазіргі Абай ауылы ірге көтерген. Бұл елді мекен 1934 жылға дейін өзінің негізін қалаушы қайраткердің есімімен «Ишан базар» деп аталып келді. Соның ыңғайымен өңірдегі жамағат әлі күнге дейін ауылды ауыз екі тілде «Абай базар» деп те атап жатады. Қалай дегенде де, бұл өңірдің жұртшылығы өздерінің ата-бабаларының ертерек отырықшы елге айналып, диқаншылықты кәсіп ете бастағандары үшін аталмыш тұлғаға қарыздар.
Ешан атаның емшілік қасиетінің өзі бір төбе. Оның қасида оқуын меңгеру арқылы жасайтын шипасының сырын әлі күнге дейін ешкім түсіндіріп бере алған емес. Осының бәрі біліммен, іліммен келсе керек. Бір ғажабы, 1867-1882 жылдарда бүкіл Түркістан өлкесін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған генерал-губернатор Константин Кауфманға исламды мойындатып, мұсылман дінін қабылдатқан да осы «ет жемес Ешан ата» екен. Сол әулие кісінің жұртқа жасаған қайырымдылығы да халықтың жадында. Ол Келес өңірінде бір мезгілде 3000 адам намаз оқи алатын 6 күмбезді мешіт салдыртқан. Өкінішке қарай, ол құтхана кеңес кезеңінде қолдан бұздырылған. Қуанарлығы сол, 1978 жылы намазхан жамағаттың бастамасымен бұрынғыдан гөрі шағынырақ «Ешан баба» мешіті қалпына келтірілді.
– Ешан ата Хаққа қызмет етуді халыққа қызмет ету деп білді. Ханафи мазһабының басты қағидаттарын сақтай отырып, жартылай көшпелі халықтың ислам талаптарына сәйкес мұсылманшылықты ұстануына тиімді ақыл-кеңестерін берді. Соның нәтижесі мен шарапаты болар, оңтүстік өңіріндегі халық бүгінде «әлімсақтан бері мұсылманбыз» деп ынтымақ, бірлікте бір-біріне дос-бауыр болып өсіп-өніп жатыр, – дейді журналист Оңғар Исаев.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру