Соңғы жаңалықтар

Ауылшаруашылығы дақылдарының көлемі артты

Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округтің егістік жері толықтай игерілген, деп хабарлайды azatmedia.kz.


Қошқарата ауылдық округінің жер көлемі – 19098 га, оның ішінде жайылымдыққа берілген жер телімі 12272 га, ал егістікке берілген жер телімі 4637, оның ішінде суғармалы жер 4588 га болса Жылы жай көлемі 16,32 га, тамшылатып суғару технологиясы бойынша суғарылатын жерлер 58 га. Ауылдық округ бойынша барлығы 702 құрылымдық бірлік бар, оның ішінде 3 – өндірістік кооператив, болса 22 – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 675 – жеке шаруа қожалықтары және 2 ауылшаруашылығы кооперативі бар.


Биылғы 2020 жылы Қошқарата ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді игеру үшін жоспар 4176 гектар болып бекітілген, қазіргі таңға ауылдық округі бойынша 4776 гектар жері жыртылып ал қазір ауылшаруашылық дақылдары егілді.

Егілген негізігі дақылдар ауыл шаруашылық дақылдары болып табылады олар: жүгері 1203 гектарға, бидай 220 гектарға, картоп 497 гектарға, көкөніс 1721,4 гектарға, жоңышқа 1092 гектарға егілген.

Қатысты жаңалықтар

Жалған ақпарат таратқандар 2 жылға дейін сотталады

azatmedia

Төрт баласын өлтірген әйел полицияға келіп, кінәсін мойындады

azatmedia

Қажымұқаннан да асқан күшті бар

azatmedia

Пікір қалдыру