Әлем жаңалықтары

Бейруттағы жарылыс: Ливан үкіметі отставкаға кетті

Ливан үкіметі толық құрамда отставкаға кетті. Халықтың да талабы сондай еді. Орындалды. Бірақ елде наразы жұрттың ереуілі әлі де басылар емес. Ливандықтар жемқорлыққа қатысы бар шенеуніктер мен түнеукүнгі жарылысқа жауапты адамдардың сотталуын талап етіп отыр.

Қазір Бейрутті дүр сілкіндірген жарылыстан кейін аймаққа әлемнің қиыр-қиырынан халықаралық гуманитарлық көмек жеткізілуде. Ал жергілікті мамандар әлі күнге шығын көлемін есептеп жатыр. Иә, аймақта іздестіру операциясының нәтижесінде мерт болғандардың саны 220-дан асты. Қазір оқиға орнында тірі адам табылмаған соң құтқару жұмыстары тоқтап тұр. 

Ливанда бірнеше күн қатарынан ұйымдастырылған жаппай толқулардан кейін ел үкіметі толық құрамда отставкаға кетті. Алайда жаңа Министрлер кабинеті жасақталмайынша қызметін жалғастыра тұрады. Бұл туралы Премьер-министрі Хассан Диаб хабарлады. 

Ал ел президенті Мишель Аунның айтуынша, экономикалық дағдарысқа ұшыраған Ливанды бұл тығырықтан шығару үшін елде шұғыл реформа жүргізіп, жаңа үкімет құру керек. 

Қатысты жаңалықтар

Юрий Дракахруст: Беларусьте «Майдан» қазір болып жатыр

azatmedia

Париж тұрғындарын жойқын жарылыс даусы шошытты (Видео)

azatmedia

Әлемдегі ең танымал 10 тіл анықталды

azatmedia

Пікір қалдыру