Ақпарат Қоғам

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкент қаласында өткен тәулікте 181 адам короновирус инфекциясынан жазылып шықты, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AzatMedia ақпараттық агенттігі.

Дертінен сауығып шыққан науқастардың басым бөлігі амбулаториялық бақылауда болған.
Ауруханада жатып ем қабылдаған науқастардың бірі -74 жастағы қала тұрғыны жиырма күннен аса дәрігерлердің бақылауында болған.

Дәрігерлер әжейге коронавирус инфекциясынан бөлек «екі жақты пневмония» диагнозын қойған.
Инфекция жұқтырған 74 жастағы Шымкент тұрғыны вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 3-тамыз күні ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 3314 науқас дертінен айығып шықты.

Қаламызда күн сайын өңірімізде коронавирус індетін жұқтырған азаматтар жазылып, барлық қиыншылықтарды артқа тастап, ертерек отбасымен қауышуларына тілектеспіз.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Еңбектің есесі, ақылдың ақысы бар

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

azatmedia

Дәмханаға барған астаналық 90 мың теңгеге жуық айыппұл төледі

azatmedia

Пікір қалдыру