Ақпарат Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «МӘДЕНИ АСТАНА» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте Р.Мамытұлы «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында өткізілетін шаралар және атқарылған жұмыстар жөнінде сөз қозғады.

Елімізде енгізілген карантин режиміне байланысты «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына орай іс-шараларды онлайн форматта өткіземіз. Бұл тамыз айында басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында халықаралық 7 мәдени шара өтеді. Олар – ТМД елдері арасында халық аспаптарында орындаушылардың «Достастық халықтарының музыкасы», Қазақтың ұлы композиторы, Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» эстрадалық әндерді орындаушылары, «Шымкент – қайырымды қала» балалар шығармашылығына арналған, «Достастықтың опера жұлдыздары» опера орындаушылары, ТМД елдерінің театр фестивальдері және Қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн оқу мен ТМД елдерінің халықаралық музей апталығы. Айта кетейін, аталған іс-шараларға бюджеттен қаржы қаралмайды, – деді Р.Мыңбаев.

Қатысты жаңалықтар

КӘСІПОДАҚ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ҚАЗЫҒҰРТ» КЕДЕН БЕКЕТІ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру