Ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТОҒЫЗ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AzatMedia ақпараттық агенттігі. Оның ішінде бесеуі жаңа мектеп болса, үшеуі қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр – Тәшенов көшелерінің қиылысында орналасқан бір өнер мектебі де бар.

Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды. Жалпы 2020 жылы қалада 13 білім нысанының құрылысы жүрсе, оның ішінде төрт мектеп құрылысы келер жылға өтпелі. Карантиндік шектеулерге қарамастан Шымкентте салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Жалпы нысандардың құрылысына 620 жұмысшы жұмылдырылған.

Сонымен қатар Шымкент қаласының білім ұйымдарында ағымдағы жөндеу аяқталып, 15 мекемеде күрделі жөндеу, 17 мекемеде спорт алаңдары және 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылып іске қосылды. Ал мектеп парталары 18 000-ға жаңарып, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен 30 мектепке турникеттер орнату жоспарлануда.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

«БҰЛ – УАҚЫТША ДҮРБЕЛЕҢ!» ПРЕЗИДЕНТ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

azatmedia

42500 теңгені ала алмағандардың өтініші 1 желтоқсанға дейін қайта қаралады

azatmedia

Танымал журналист халықты кімдер басқарып отырғанын ашық айтты

azatmedia

Пікір қалдыру