Қоғам Соңғы жаңалықтар

Келес ауданы: көкбұлақтықтар сапалы таза ауызсуын тұтынуда

Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде жалпы екі елді мекен орталықтандырылған ауызсу құбырымен қамтылған, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Ақтөбе ауылдык округінде тұрғындарды  таза ауызсу жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында биыл 373,371 млн.теңге  қаржы бөлініп отыр.

Қазіргі таңда таза ауызсумен қатылған елді мекеннің бірі – Көкбұлау ауылы. Көкбұлақ ауылының тұрғындарының айтуынша аулыға көңіл бөлініп, үй ішіне таза ауызсу жүйесі тартылған.

«Былтыр суды ауылдың орталығынан тасып ішетінбіз. Ауылға су келді, жол түсті. Әйтеуір айтқанымыздың бәрі болып тұр. Су кранын орнаттық, міне су зырылдап ағып тұр. Қазір ешқандай да кемшілік жоқ»,-дейді Көкбұлақ ауылының тұрғыны Шәймерден Ахметов.

Бүгінгі таңда жоғарда атап өткен ауызсуға бөлінген 373,371 млн.теңге  Бозсу елді мекеніне ауызсу құбырының құрылыс жұмыстарына қарастырылған. Ал, Ынтымақ елді мекенінің жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, қаржы қарастырылуда.

Сонымен қатар, Қаратөбе, Ғ.Мұратбаев елдім екендерінде жер асты барлау жұмыстары жүргізілуде. Қалған 10 елдімекеннің  ауызсу қорын анықтау үшін Келес аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсынылған.

Қатысты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы екпе салу басталды

azatmedia

«МОЛОДЕЖНАЯ ПРАКТИКА» – УНИКАЛЬНАЯ ВОЗМОЖНОСТЬ НАЙТИ РАБОТУ

azatmedia

МУРАТ АЙТЕНОВ: НЕОБХОДИМО ОСВЕТИТЬ УЛИЦЫ ПО ПУТИ В ШКОЛЫ И ДЕТСКИЕ САДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру