Санатталмаған

КЕЛЕС: ПОШТА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮСКІ ҮЗІЛІССІЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ.

 Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев пен аудан прокуроры Бақыт Сейфолла ауданда орналасқан пошта мекемелерінің жұмысымен танысты.
Жалпы аудан бойынша 12 пошта мекемесі және 11 банкомат жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда әр пошта және банкоматтар алдында аудан тұрғындары көмек ретінде мемлекет тарапынан беріліп жатқан жәрдемақыға және айлық зейнетақысын алуға келуде.
Келес ауданының әкімі, аудандық Төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның төрағасы Ақментай Есбаевтың тапсырмасымен әр ауылдық округтегі тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін, аудан әкімінің орынбасарлары және әр дербес бөлім басшысын ауылдық округтеріндегі пошталармен банкоматтарға бөлініп, жұмыс жүргізуін тапсырған.
Пошта қызметкерлеріде түскі үзіліссіз қызмет көрсетуде. Қызметкерлер түскі тағамды кезекпен ішуде. Сонымен қатар, пошта және банкоматтардың алдындағы азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, әкімшілік тарапынан арнайы ара қашықтық сақталған орындықтар қойылып, арақашықтық сызықтары сызылған.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру