Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ БАСТАЛАДЫ

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі медициналық мекемелер мен коронавирустық инфекцияға қарсы күреске мұқтаж азаматтар үшін қажетті құрал-жабдықтар, тауарлар, дәрі-дәрмектер жинау мақсатында республикалық #жақсылықжаршысы қайырымдылық марафонын іске қосады.

Акцияға кез-келген адам қатыса алады. Қаржылай көмек көрсетуге, өнімді ұсынуға немесе қызмет түрін көрсетуге, мүмкіндігінше жеңілдіктер беруге немесе ерікті ретінде әрекет етуге болады.

#Жақсылықжаршысы марафоны 2020 жылы 21 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында басталды. 22 шілдеде эстафетаны Алматы қаласы, одан кейін Шымкент қабылдайды, одан әрі эстафетаны Атырау қаласына, одан әрі – еліміздің қалған өңірлеріне береді. #Жақсылықжаршысы акциясы барысын қадағалаушы ретінде қоғамдық бақылаушылар қатысады.

Шымкент қаласында марафонға белгілі медиалық тұлғалар мен спортшылар қатысады: бокстан Олимпиада чемпионы Біржан Жақып, ақын Құрманай Бақтиярқызы, журналист Асхат Садырбай, «Алдараспан» әзіл-ысқақ театрының директоры, актер Нұржан Төлендиев, актер Дәнекер Оразбай, әзіл-ысқақшы Медет Досқанаев, актер, КВН-шы Марат Достаев. Олардың барлығы азық-түлік және медициналық жиынтықтарды өлшеп-орауға және Шымкент қаласының әл-ауқаты төмен отбасыларыңа жеткізуге қатысады.

 

Қатысты жаңалықтар

Дәрігерлердің неліктен шұбалаңқы жазатыны белгілі болды

azatmedia

ЖОЛДАУ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

azatmedia

МАЛЕНЬКИМ ПОСЕТИТЕЛЯМ УЧАСТКОВ ДАРЯТ ПОДАРКИ

azatmedia

Пікір қалдыру