Санатталмаған

АЙНАЛАМЫЗДЫҢ АМАНДЫҒЫН ТІЛЕЙІК, БІР-БІРІМІЗДІ САҚТАЙЫҚ!

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің телевизиялық үндеуінде, 13-шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялап, індеттен бақилық болған жандардың отбасыларына көңіл айтқан болатын.

Осыған дейін елімізде 8 рет азалы күн болған екен. Бұл жолы көк байрағымыз әлемді жайлаған қатерлі індеттен көз жұмған марқұмдарға байланысты төмен түсіріледі.

Бүгінге дейін әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 12 млн. жетіп 500 мың адам қайтыс болды. Бұл бүкіл әлем үшін – орны толмас үлкен өкініш. Үлкенді де, кішіні де, жасты да кәріні де таңдамай жалмап, адамзат баласын бір бидайдың қаузына сыйдырып жіберген індеттің салдары талай шаңырақты қара жамылдырды. Қазақтың маңдай алды азаматтары, медицина мамандары, білікті дәрігерлеріміз, өнер майталмандары, қарапайым азаматтарымыздан қазан ұрмай қар жаумай айырылып қалу, ұлтымыз үшін оңай болып тұрған жоқ.

Бұл індетпен күрес жолында біздің елдің медицина саласының дайын болмағанын ел президенті де үндеуінде айтып өткен еді. Мұндай сындарлы сәтте Президентіміздің оң шешім қабылдап, елді ғана емес бүкіл әлемді жайлап келе жатқан ауыр індеттен арашалау жолында, еліміздегі сақтық шараларын күшейткені, 13-шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны оң шешім болды деп ойлаймын.

Мен де өз тарапымнан елімнің басына түскен ауыртпалықты көтере отырып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын. Адамзат баласы баяғы қалыпты тіршілігіне оралса екен деп тілеймін.

Дария ҚОЖАМЖАРОВА,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ректоры

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру