Санатталмаған

ҚАУІПТІ ІНДЕТТІҢ ЕМІ – ТӘРТІПКЕ БАҒЫНУ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың телеарна арқылы отандастарымызға жасаған мәлемдемесінде 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны халқының қаралы қазасы жанына батып, мұңын жүрегімен сезінгені байқалды. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Әлемді жайлаған пандемия мен пневмонияның еліміздегі жайлаған өрісі көптеген азаматтарды келместің кемесіне аттандыруда. Олардың арасында науқастың дертімен күресте алдынғы қатарда жүрген дәрігерлер мен медбикелер де бар. Індетпен ымырасыз күресудің бірден-бір жолы карантин тәртібіне жауапкершілікпен қарап, сақтық шарасына салғырттықты доғаруымыз керек. Бұл ретте Мемлекет басшысы:

–Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты. Бұл – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт, – деді.

Президент індетті адамзат жуық арада жеңе қоймайтынына алаңдағанымен қандай жағдай болмасын халықты уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсемізді түсірмеуге және сабырға болуға шақырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құқық қорғау органдары дәрі-дәрмек сақталатын қоймаларға рейд жүргізіп, заңсыз сауда жасағандар қылмысты жауапқа тартуда. Бұл өзге дәріхана қоймасының иелеріне де сабақ болды.

Халықтың денсаулығы және өмір қауіпсіздігі үшін Мемлекет тарапынан ауқымды жұмыс жасалынып жатыр. Күндізгі стационарларға қосымша төсек-орындар әзірленіп, керекті дәрілер жеткізілуде. Дана халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген асыл сөзін жадымызда сақтаған абзал. Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», – деп ең әуелі тәртіптің алар орны ерекше екенін тайға таңба басқандай айтып-ақ кетті. Рухы биік еліміздің көктегі жалауы қаралы күн үшін төмен түспесін десек, карантин тәртібін белгілі бір уақытқа дейін күнделікті үрдіске айналдырайық.

Мадияр Жұмабеков,
Саясаттанушы, әлеуметтанушы

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру