Санатталмаған

ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫН БІРГЕ БАҚЫЛАЙЫҚ!

Шымкент қаласында коронавирус індеті салдарынан карантиндік шаралары күшейтілгені бәрімізге белгілі. Алайда тұрғындардың қауіпсіздікті дұрыс сақамауынан болар ауру қаламызда күшіне мінгендей. Індеттің саны көбейген сайын дәрі-дәрмектің тапшылығы байқалып, халық арасында кейбір дәрілерге сұраныс артып, дәріханалардың алдында адамдар кезек күтіп тұруға мәжбүр.

Бүгін қала әкімінің тікелей тапсырмасымен және НұрОтан партиясының Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетовпен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен бірге бірқатар дәріханаларды аралап көріп шықтық. Айта кетерлігі бұл саланы бақылайтын мамандарды күтіп, келмеген соң өзіміз аралауға шыққан едік.

Пандемияға қарсы бар білетін дәрілерімізді тізбектеп кезек-кезек сұрап жатырмыз. Әрине дәрі жетіспеушілігі бар екені көрініп тұр. Қаланың орталығында орналасқан төрт дәріханаға кірсек, соның біреуінде ғана халықтың көп сұранысына ие парацетамол дәрісін таптық. Тұрғындардың сұрап жатқан дәрі-дәрмектерінің басым бөлігі ыстықты басуға арналған екенін дәріхана қызметкерлері айтып отыр.

Журналистерге берген интервью барысында «NurOtan партиясының Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов: «Әлеуметтік желіде жазып жатқан азаматтарға да бірге шығайық деп ұсыныс тастадым, әлде де бізде қоғамдық белсенділік төмен. Бір адам, немесе әкімдік бұның барлығын қадағаламайды. Осының барлығы жеке бизнес. Егер сіздер дәрі-дәрмек алдыңыз ба, бағасы қымбат болса чегін сақтап қойып, бізге немесе Фарм контрольге айтатын болсаңыздар, Сол кісіге, сол фирмаға, сол дәріханаға шара көруге әбден мүмкіндік бар!

Алдағы уақытта мұндай рейдтік іс-шаралар партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тарапынан қала аумағында жалғасын табады»-деді.
Әрине егер дәріхана иелері дәрі тапшылығын қолдан жасап бағаны көтеріп отырса ел болып осы саланы бақылайтындарға көмектесейік. Мемлекеттің ең бірінші байлығы, халықтың саулығы. Ауырмауға, көп қыдырмауға қауіпсіздікті сақтап жүруге шақырамын. Аман болыңыздар.

Қала тұрғындары назарына!
Дәрінің бағасын бұзған дәріханалардың чектерін сақтап 109 сенім телефонына қоңырау шалсаңыздар болады!

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру