Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ ТАМЫЗ АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында қазіргі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жол жөндеу жұмысы қарқынды жүруде. Сондай-ақ, құрылысшылар нысанды мерзімінен бұрын тапсыруды жоспарлап отыр. Қаладағы автомобиль жолдарының құрылысымен танысқан БАҚ өкілдері бірнеше нысандағы жөндеу жұмысының барысын көрді.

Әуелі «Ақжайық» шағынаудынындағы Сырым батыр көшесінде болып, бүгінге дейін атқарылған тірліктің куәсі болды. Аталған көшеде орташа дәрежедегі жөндеу жұмысы жүруде. Жөндеу жұмысының жалпы ұзындығы – 4,8 шақырым. Қазіргі таңда көлік қатынастың көбеюіне байланысты жолдың ені де 1-1,5 метрге кеңейтілген. Құрылысты «АНДАС ГРУП» мердігер компаниясы жүргізуде.

– Жолдың құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Қазірге дейін бөлінген 423 млн. теңге қаржының жартысын игердік. Аяқталу мерзімі осы жылдың тамыз айы. Нысанның құрылысын өз мерзімінде аяқтауды жоспарлап отырмыз, – дейді жол құрылысы учаскесінің басшысы М.Бекбауов.

Келесі құрылысы қызу жүріп жатқан көше – Байтұрсынов көшесінің Арғынбеков көшесі қиылысынан дендросаябаққа дейінгі бөлігі. Аталған жолдың бөлігіне бүгінге дейін тек шағал тас төселінген болатын. Қазір мұнда асфальт төселініп, жаяу жүргіншілер жолы, веложол және ирригация жүйесі қарастырылған. Жолдың ұзындығы – 500 метр. Қазір мұнда 8 техника және 48 жұмысшы нысанды мерзімінен бұрын аяқтауы үшін тынымсыз еңбектенуде.

Қаладағы қайта жөндеу жұмысы жүріп жатқан жолдың бірі Жангелдин көшесі. Бүгінде монтаждау жұмысы аяқталып, бірінші қабат асфальт төселініп жатыр және жөндеу жұмысы барысында ирригация жүйесі де қайта жөнделіп, жолдың жиектастары ауыстырылады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А.Тұрхановтың сөзінше, қаладағы жол құрылысының басым бөлігін осы жылдың тамыз айында аяқталады.

– Шымкент қаласында осы жылы 45 мердігер мекеме 414 шақырым жолды қайта құру және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді бастады. Құрылыс жұмысына 2300-ге жуық жұмысшы және 400 техника жұмылдырылған. Қаладағы ішкі орам көше құрылысының 80 пайызы тамыз айында аяқталса, негізгі орталық көшелердің құрылысы қазан және қараша айларында толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар, қаладағы автомобиль жолдарын қайта құру және орта дәрежедегі жөндеу жұмысына бюджеттен 27 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінге дейін 9 млрд теңге қаржы игерілген. Жыл соңына дейін барлық қаржыны игеріліп, жол құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз,- дейді А.Тұрханов.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру