Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: М.ӘЙТЕНОВ ҚАЛАДАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Əйтеновтің қатысуымен эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаладағы дəрі-дəрмек бағасын бақылау, сондай-ақ ашылған провизорлы орындар жəне өкпені механикалық желдету аппаратымен науқастарды қамтамасыз ету жөнінде брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде М.Дүйсенбекұлы, ең алдымен, қаладағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты ашылған провизорлы орындар, жедел жәрдем қызметінің жұмысы және жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға көрсетіліп жатқан көмектер жайлы айтты.

– Шымкент қаласында провизорлы орын саны 1 маусымға дейін 3 стационарда 320 төсек-орын, 30 маусымға дейін 23 стационарда 2 960 төсек-орын, ал 7 шілдедегі жағдай бойынша 3010 төсек-орын ашылды. Ал күндізгі стационарларда 1 маусымға дейін 1281 төсек-орын болса, қазіргі таңда 51 емханада 633 төсек-орын бар. Сондай-ақ, жұқпалы ауруханалардағы төсек-орынға 160 орын қосылып, ол 650-ге жеткізілді. Осы ретте науқастар жайлы айтсам, бүгінге дейін қалада пневмониямен ауырған 6340 науқас тіркелсе, оның 95,6%-ы ауруханаға жатқызылып, 60 пайызы емделіп шықты. Ал ЖРВИ-мен ауырғандардың 86%-ы емделуде және күндізгі стационарларда күніне орта есеппен 2000 науқас қамтылуда. Бұл ретте жедел жәрдем қызметі жайында жеткізсек, 1 маусымнан 6 шілдеге дейін шақырту саны 59 925-ке жеткен. Яғни, шақырту саны 2 есеге өсті. Осыған байланысты «103» диспетчерлік қызметтердің саны ұлғайып, оған қоса Call-орталығы (109, 1430) іске қосылды. Жалпы бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулармен ауырған азаматтарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында 56 мобильді топ құрылып, нәтижесінде 10 341 науқасқа қызмет көрсетілді», – деді қала әкімі.

 

Қатысты жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕГІ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

azatmedia

МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ҚОСЫМША СУ ҰҢҒЫМАСЫ ҚАЗЫЛУДА

azatmedia

МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

azatmedia

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН АУДАНДЫҚ ФОРУМДА ТАЛҚЫЛАДЫ

azatmedia

ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ МЕН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ РУХ-БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» АТТЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ: АЯСЫНДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТАУ ТУРИЗМІ МЕН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ДАМЫҒАН КЕНТТЕ БОЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру