Санатталмаған

ЕЛДІККЕ ТҰҒЫР БОЛҒАН ЕЛОРДА – ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ ЖЕТІСТІГІМІЗ

Осыдан жиырма алты жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің астанасын арқа төріне көшіру жайлы ұсыныс айтып, ол ойы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап ресми түрде жүзеге асырыла бастады. Әлбетте, Елорданы мәдениеттің ошағына айналған ару Алматыдан Ақмолаға көшіру шешімі алғашқыда біраз адамның теріс пікірін туындатып, қазіргі Нұр-Сұлтанның болашағына күмәнмен қарағандар да көп болды.

Дегенмен, «ханда қырық кісінің ақылы бар» демекші, сақа саясаткер, кешегі өткен қазақ хандарының мұрагеріндей, ұлт көсемдерінің сынығындай Нұрсұлтан Әбішұлының шешімі бүгінде оң нәтиже көрсетіп келеді.

Күннен-күнге көркейіп, әлемдік сәулет өнерінің үздік үлгілерімен толыққан Нұр-Сұлтан қаласы дүниежүзі елдерінің назарына жасампаз қала ретінде іліккелі қашан?! Айналдырған жиырма екі жылдың ішінде Сарыарқа төсінен «мен мұндалаған» ғажап шаһар тұрғызу һәм оны білдей бір мемлекеттің ең маңызды қаласына айналдыра алу үлкен ерлік деп білемін.
Бүгінде, еліміздің бас қаласы «болашақтың қаласы» деп те аталып жүр. Өйткені ондағы қазақ жерінің түкпір-түкпірінен арман қуып, елге қызмет ету жолына келген жастар жарқын келешектің кепіліндей көрінеді. Бұрындары Тәуелсіздік құрдастары назарға жиі ілінетін болса, қазіргі уақытта әсем қаланың замандастары да Қазақ жұртына қызмет етуге жарап қалды. Осыдан-ақ Елордамыздың да еңселі мекенге айналғанына көз жеткізе аламыз. Бүгін – бейбіт күнге аңсап жеткен ел астанасының туған күні! Елордамыздың еңсесі биік болсын!

Құрмет Керімбеков,
«Жалын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру