Санатталмаған

ЕЛОРДА КҮНІ ЕЛДІГІМІЗДІ ҰЛЫҚТАЙТЫН ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛДЫ

Еуразия жүрегінде орналасқан Елордамызға биыл 22 жыл толып отыр. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа Елорда осы жылдар ішінде жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына айналды. Ал, Елбасының аты Елордамен қатар аталып, тығыз байланысты болды Себебі, тұңғыш Президент жаңа Астананың болғанын армандады. Бұл жөнінде ол «Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы 1992 жылы туған еді. Бірақ, мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені, Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді» деген болатын.

Астананы көшіру идеясының стратегиялық, экономикалық, жалпыұлттық және ұрпақ болашағы үшін маңызды екенін дәлелдей алды. Қорытындысында ол Астананың алғашқы құрылысынан бастап басы-қасында болып, әлем таныған Астанаға айналуына дейін ерен еңбек етті.

Содан бергі өткен 22 жыл ішінде еліміздің бас қаласы – сәні мен салтанаты жарасқан, озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерімен үйлесім тапқан, дамуы көптің көкейінен шыққан, қуатты, гүлденген шаһарға айналды.

Бүгінде Нұр-Сұлтанда, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық орын алған жерде еліміздің өркендеп өсетіндігі, тыныштығының сақталатындығы жылдар сайын жемісін беріп отыр. Тұңғыш Президенттің де ұстанымы да осы болатын.

Астанамыз Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық айналды. Әлемнің үздік астанасы болу үшін нақты міндеттер мен мақсаттар қойылған болатын.Бұл күнде осы мақсатқа жету жолында жұмыстар жалғасын тауып келеді.

Бүгінгі Елорда күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын! Бас қаламыз көркейіп, дами берсін!

Бекайдар Төлегенов,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Шымкент қаласы қоғамдық кеңес мүшесі

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру