Санатталмаған

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ АУЛАЛАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

AzatMedia. Еңбекші ауданы бойынша 630 көпқабатты үйдің бүгінгі күнге дейін 501-і абаттандырылып, балалар алаңшасы орнатылған.

Қазіргі таңда 111 үйдің ауласы абаттандыруды қажет етеді. Алайда 18 тұрғын үй ауласында қажетті жер телімі болмағандықтан, абаттандыруға мүмкіншілік жоқ.

Ал, қазіргі таңда 64 үй ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Базарқақпа, Жұлдыз тұрғын алабтарындағы 47 үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары инженерлік жүйелер толық жүргізіліп біткен соң, істеледі.

2020 жылға 64 көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңдарын орнатуға, 43 көпқабатты үйлердің аулаларын жөндеу және балалар ойын алаңшаларын қайта құру жұмыстарына бюджеттен 807 205 мың теңге қаралды. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 7 көпқабатты тұрғын үй ауласын абаттандыруға республикалық бюджеттен 75,8 млн. бөлініп, жұмыстарды «Таймас Company» ЖШС-і, «Агат» ЖШС-і, «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-ларымен жүргізілуде.

Сонымен қатар аудан аумағында 6 ашық спорт алаңшаларын орнатуға 79 979,043 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда «Таймас Company» ЖШС-і құрылыс жұмыстарымен айналысуда.

Одан бөлек, аудан аумағында аула аралық тозығы жеткен 8 мекен-жайдағы баспалдақтарды қайта құру жұмыстарына 17 138,3 мың теңге қаралып, «СК СТРОЙ-МОНТАЖ XXI» ЖШС-імен жұмыстарды бастау жоспарлануда.

Ауданда 2011-2013жж. абаттандырылған аулалардың басым бөлігінің тозығы жеткен. Аулаларды кезең-кезеңімен жөндеу және балалар ойын алаңшаларын қайта құру мақсатында қосымша 40 көпқабатты үйлердің аулаларына 578 396 мың теңгеге сметалық есептер әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді. Бюджет қаржысының мүмкіндіне қарай абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

2021 жылы 100-ден астам үй ауларын жөндеу және балалар ойын алаңдарын қайта құру жоспарланған.

Бүгін осындай ауқымды жұмыстармен баспасөз өкілдері танысты. Еңбекші ауданы арнайы пресс тур ұйымдастырып, абаттандырылған аумақтарды көрсетті.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру