Санатталмаған

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҮЙЛЕРІНЕН 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ АЛДЫ

AzatMedia. Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып І және ІІ топтағы мүгедектер, 70 жастан асқан қарттар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар балалар ала алады. Ол үшін олардың өздері немесе қамқоршылары 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыруы керек.

Биылғы жылдың 5 айында Азаматтарға арналған үкімет Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тұрғындардың үйіне барып, 1 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша, ХҚО- ның ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтерін үйінен шықпай-ақ алу үшін «1414» бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалсаңыз болады.

– Осылайша сіз қажетті мемлекеттік қызметтер туралы кеңес алып, өзіңізге керекті мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз. Біздің қызметкерлер Сізге хабарласып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады және бару үшін қолайлы уақытты белгілейді. Бұл үдеріс 56 жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады, – деді Алтынай Татаева.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері коронавирус пандемиясын ескере отырып, қызмет көрсету барысында барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Барлық маман маскалармен және антисептиктермен жабдықталған.

Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына көп көңіл бөледі. Азаматтардың үйлеріне барып мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар, ХҚО мамандары есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ым-ишара тілін меңгерген.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар 36 азамат Шымкент қалалық корпорация филиалында түрлі лауазымдарда жұмыс істейді.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҰҢҒЫШ РЕТ «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЭЛЕКТРОВОЗДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ӘЗІРЛЕНГЕН «ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» МУЛЬТФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ ҚҰС ФАБРИКАСЫ ӨҢІРДІ ОТАНДЫҚ ӨНІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП ОТЫР

azatmedia

БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОДӘЛІЗІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН КОРЕЯ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕЙЕ ТҮСЕДІ

azatmedia

ОРДАБАСЫ: ҚҰРЫЛЫС ПЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ЖЕТІСАЙДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

МОНТАЙТАСТАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ: ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛЫП, ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру