Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ФАРМ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы фарм компания басшыларымен жиын өткізді. Дәрі өндірушілер, дәріханалық қойма басшылары, аптека желілерінің директорлары қатысқан жиын барысында шаһардағы дәрі-дәрмек төңірегінде қалыптасқан мәселе кеңінен сөз болды.

Қаланың бас санитар – дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың айтуынша, шымкенттіктерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және дәрілерге қойылған шекті бағаның сақталуына тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мониторинг жүргізіп, бақылауда ұстап отыр екен.

Бүгінде дәрілік заттардың 41 атауы бойынша (2 ірі дәріхана қоймасы: «НПО Зерде» ЖШС, «Ақниет» ЖШС, Шымкент қаласының 3 ірі бөлшек желісі «EUROPHARMA»ЖШС (30 дәріхана), «Зерде Фарма» ЖШС (35 дәріхана), «Мұрат Фарма» ЖШС (27 дәріхана) 92 дәріханада дәрілік препараттарының қалдығы бар екендігі анықталып отыр.

Дәрілер болмаған жағдайда дәріхана ұйымдары қорларын толықтырылып жатқанын жеткізді. Күні бүгінге дейін дәрі бағаларына байланысты шекті бағадан асқан жайт тіркелмеген. Егер де ондай жайт анықталған болса, департаменттің бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, чекті қоса көрсету керектігін айтады.

Мамандардың сөзінше, ЖРВИ мен пневмонияның халық арасында кең таралуы, қала тұрғындарының дәрі-дәрмекке сұранысын арттырып жіберген. Дәріханаларға жеткізілген дәрілер 2 сағатқа жетпей таусылып кетіп жатыр екен. Мәселен, қысқа уақыт ішінде Шымкент дәріханалары 2 айлық қордың дәрісін сатып жіберген. Десе де, қоймаларда дәрілер әлі де бар. Тіпті сұранысқа ие кей дәрілерді өзімізде өндіруге де болады.

«Қазіргі таңда Шымкенттегі «138», «Рецепт», «ТИН» дәріханалары дәрілік ерітінділерді шығара алады. Сұраныс негізінде қызметкерлер күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасауда. Шетелден алып келінетін дәрілердің Дәрілік құралдарды сараптау ұлттық орталығында ұзақ уақыт тұрып қалуда. Осы тараптан қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз» – дейді «Фарм» ассоциасының жетекшісі Хадиша Дербесқызы.

Қала тұрғындарының дәрілерді шамадан тыс сатып алуы мамандарды уайымдатып отыр. Өйткені, «парацетамол» секілді дәрілерді науқас шамадан тыс көп ішсе, ағзасына кері әсер ететін көрінеді. Жиынды қорытындылаған қала басшысы фарм компания өкілдерін әкімдікпен бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

«Әкімдік тарапынан қажетті көмектер көрсетіледі. Дәл қазіргі тұрғындардың жағдайына байланысты баршамыз күшейтілген күн тәртібінде жұмыла жұмыс істеуіміз керек» – деді ол.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру