Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ СТАЦИОНАРҒА ҚОСЫМША ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласында провизорлық және күндізгі станционарға қосымша дәрі – дәрмек жеткізілді, деп жазады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Azat.media ақпараттық агенттігі.

Инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға дер кезінде көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға қосымша дәрі-дәрмек жеткізілді. Бірінші кезекте дәрілік заттар науқастар емделіп жатқан провизорлық және карантиндік станционарға жеткізіліп, ақ халаттылар науқастарға медициналық көмек көрсетуде.

Медициналық препараттармен қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютормен 852 дәрілік зат пен медициналық бұйымдар позициясы бойынша 1,8 млрд теңге сомасына келісімшарттар жасалды. Бұған қоса эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне және ЖРВИ мен пневмония көрсеткішінің күрт өсуіне байланысты медициналық ұйымдар көмек көрсету үшін 207,1 млн теңге сомаға Бірыңғай дистрибьютор арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қосымша өтінімдер рәсімделді.

Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютор қосымша өтінімдер бойынша 76,8 млн теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тиеп-жөнелтуде.

Қатысты жаңалықтар

ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРДІҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ ТӨЛЕУШІЛЕР ҚАТАРЫ АРТУДА

azatmedia

Діннің қоғам өміріндегі рөлі

azatmedia

Australian Food & Beverage Industry Not Prepared For Crises

azatmedia

Пікір қалдыру