Санатталмаған

ТҮЛКІБАС:ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ!

AzatMedia. Елімізді дүрліктірген коронавирус пандемиясының алдын алу шараларының басты бөлігінің бірі ол, халық көп шоғырланатын орындарды арнайы сұйықтықпен залалсыздандыру болып табылады.
Осыған орай бүгін Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен кезекті рет залалсыздандыру шаралары іске асты.

Атап айтар болсақ, 16 маман және 1 дана арнайы техника аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын Рысқұлов және Жантұров көшелерінің бойындағы 4,7 шақырым аяқ жол мен аялдамаларға және орталық базар мен сауда үйлерінің кіре берістеріне залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде Түлкібас ауданында дезинфекция жұмыстарын әкімшілік тарапынан бекітілген кестеге сай тиісті мекемелер жүзеге асыруда. Аудан орталығында халықтың көп шоғырланатын аумақтарды залалсыздандыру тәулігіне 2 рет 11-көше (3200 ш.м) мен 6 аялдама (1200 ш.м) дезинфекциялау бойынша жалпы 4400 ш.м.-ге сызбасы бекітіліп, тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

Сонымент қатар ДСУ мөлтек ауданы мен Пушкин көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің кіреберістері мен аула аумақтарын, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, трртуарларды, балалар және спорт алаңдарын, ашық ауада орналасқан орындықтар мен сәкілерді дезинфекциялау бойынша 5618 ш.м.-ге сызбасы бекітіліп, арнайы мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру