Санатталмаған

ТҮЛКІБАС: ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ ТАСТАЙТЫН ОРЫНДАРДЫ ТАЛАПҚА СӘЙКЕСТЕНДІРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ІСКЕ АСУДА!

AzatMedia. Түлкібас ауданында тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 5 орын(полигон) белгіленген.
Бүгін аталмыш орындарды аудан әкімі Н.Байғұт жеке-жеке аралап, қазіргі жай-күйімен танысты.

Аралап болған соң, Нұрлан Мархабатұлы аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында салаға қатысты орынбасары мен тиісті бөлім басшыларын және аудан аумағында күл-қоқыс жинаумен айналысатын мекеме басшыларын жинап, жиын өткізді. Жиында аудан аумағындағы полигондарды заң талаптарына сәйкестендіру және қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәселелері талқыланып, бұл бағыттағы жұмысты жүйелендіру мәселесі нақтыланды.

Жиынды түйіндеген аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы салаға жауапты орынбасарына және тиісті дербес бөлім басшыларына облыстық тиісті басқармаларға тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған орындардың құжаттарын заңдастыру мақсатында тез арада хат дайындап, бір аптаның ішінде белгіленген орындар бойынша қаулы жобасын дайындауды тапсырды. Сонымен қатар ауылдық округ, кент әкімдеріне орталықтандырылған күл-қоқыс шығару жүйесін іске асыру мақсатында жұмысты жүйелендіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін ескерді.

Алдағы уақытта аудан әкімінің бастамасымен Түлкібас ауданы екі зонаға бөлініп, әр зонада орталықтандырылған тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонда күл-қоқысты өңдейтін цехтар ашу жоспарлануда. Қалған 3 полигон қатты құрылыс қалдықтарын тастауға арналған орын ретінде болады. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар аудан орталығында жанданып отыр. Яғни, аудан орталығына қарасты полигонда заман талабына сай қоқыс өңдеу цехы салынып, бекітілген талаптарға 80 пайыз сәйкестендірілген.
Өткен жылы облыстық тиісті басқарма тарапынан күл-қоқысты өңдеу жоспары жалпы жиналған қоқыстын 10 пайызын құраса, ол жоспар толығымен орындалған. Ал, биыл жыл соңына дейін жоспар 13 пайыз болса, бүгінгі таңда жоспардың 5 пайызы орындалып қойған.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру