Санатталмаған

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ САҚТАҢЫЗДАР!

AzatMedia. Жуырда Түлкібас ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық полиция бөлімі, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, аудандық жедел жәрдем қызметі, жастар ресурстық орталығы КММ-нің жанындағы еріктілер тобы Машат, Балықты өзендерінде демалушылармен балаларға «Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздігі» тақырыбында қауіпсіздік ережелерін сақтау, суда шомылу кезінде үлкендердің қарауынсыз суға түспеуге абай болуға шақырды. Жедел жәрдем қызметінің мамандары «Суға тұншыққан жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында түсіндірме жұмыстары мен тәжірбиелік алғашқы көмек тәсілдерін көрсетті. 120 дана ескертпе парақшалары (Жадынама) таратылды.

Есте сақтаңыздар! Судағы аппаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау!

Сондай-ақ мамандар суда қуалап, ұстау секілді ойындарды ойнамауға, су айдындарында демалу кезінде су алып келетін қауіпті ұмытпауға, таныс емес жерлерде шомылмауға және жүзу кезінде алысқа ұзап кетпеуге қайықтардан, кемелерден, айлақтардан суға, сонымен қатар, бұл үшін арналмаған жерлерден секірмеуге кеңес берді.

©Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру