Санатталмаған

ҰБТ: БИЫЛҒЫ ТӘРТІП ҚАТАҢ

Апта соңында биылғы мектеп бітірген түлкетер ҰБТ тапсыруды бастайды. Сынақ тәртібі өзгермегенімен карантинге байланысты қойылатын талап қатаң. Дегенмен биылғы мектеп бітірушілердің арасында тест тапсыруға ниетті жастардың қарасы қалың. Яғни, түлкетердің 82 пайызы 131 мың 755 оқушы өтініш берген. Бұл рекордтық көрсеткіш, дейді тест орталығындағылар. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған AzatMedia хабарлайды.

Биыл Шымкент қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеу үш жоғарғы оқу орнында өтеді деп шешілді. Барлық талаптарға сай, жоғарғы білім көрсеткіштеріне қол жеткізген білім ұялары таңдалды. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті. Биыл 3 364 талапкер онлайн өтініммен дәл осы оқу ордасында тест тапсыруға ниет білдірген.

Университет аумағында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар енгізіліп, індеттің таралмауына барынша тосқауыл қойылған. Әр қабаттағы дәліздерде санитайзерлер орнатылады. Аудиторияда балалар кемінде екі метр арақашықты сақтап отырғызылады. Ғимаратқа тест тапсырушылардың қызуы өлшеніп кіргізіліп, арақашықтық қатаң сақталады және бір рет қолданылатын маскалар ұсынылады.

Баршагул Исабек – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Унверситетінің проректоры: ҰБТ- барынша әділ өткізіледі. Түлектерге қандайда бір гаджет қолдануға тиым салынады.  Бұл болашақ буын иелерінің тек өз біліміне сеніп, алдағы өмірі тек өз қолында екенін сезінуге негіз болады,дейді мамандар. Аудиториядағы бейне камералар арқылы ата-ана үйде отырып ақ баласының сынақ тапсыру барысын көре алады.

«Барлық бейнежазбаларға 25 тамызға дейін талдау жүргізіледі. ҰБТ өткізу қағидаларының бұзылуы анықталған жағдайда, яғни көшіру немесе басқа да әрекеттер байқалса, тестілеу нәтижелері жойылады. Сонымен қатар, білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері де жойылуы мүмкін» дейді, мамандар. Биылғы мектеп бітіруші түлектермен бірге кешенді тестілеуден өтетін үміткерлер де Ұлттық бірыңғай тестілеуді бірге тапсырады.

©Өз тілшімізден

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру