Санатталмаған

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ӨРШУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СҰХБАТ БЕРДІ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қаламыздағы инфекциялық аурулардың таралуы жөнінде БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді.

Сұхбат барысында, ең алдымен, Ербол Әбілхайырұлы қаламыздағы эпидемиологиялық жағдайды жеткізді.

– Қазір Шымкент қаласында тек қана коронавирус емес, ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) мен пневмония өршіп тұр. Осы бойынша біз күнделікті нақты жоспарлы жұмыстарды жасап жатырмыз. Ал пандемиямен аурушылар саны 2300-ге жетті. Оның ішінде кешегі күні 116 адам тіркелді. Сол себепті науқастар санының күрт өсуіне байланысты жедел жәрдем қызметін күшейтуге күш салдық. Дәл қазір 100 бригада толықтай жұмыс істеуде. Одан бөлек, диспетчерлік қызметті ұлғайттық.

Соңғы талдаулар бойынша 1 маусымда бір тәуліктің ішінде 1091 шақырту болса, 10 маусымда 1200-ден асқан, ал кешегі күні шақырту 1850-ге жеткен. Бұл медициналық шақыртулардың басым бөлігі – ЖРВИ және пневмониямен ауырған науқастар. Дәл кеше 129 науқас қабылданған. Осы жағдайға байланысты алдын ала карантиндік және провизорлық стационарларды күшейттік. Яғни, осыдан бес күн бұрын қосымша 650 төсек-орын енгіздік. Сол төсек-орындар бес күннің ішінде толып қалды. Кешегі күні реабилитацияға қосымша 100 төсек-орын ұйымдастырдық. Бұл ретте карантиндік стационар болған екі нысанды 380 төсек-орынмен провизорлық стационар қылып қостық. Бұл провизорлық стационарларда емдеу шаралары кезінде үш топқа бөліп, арнайы алгоритм жасадық. Ал кері байланыстағы қауіпті топтағы азаматтарға күнделікті телефонмен хабарласып отырмыз. Айта кетейік, бұл стационарлар коронавирустың жеңіл түрімен ауырған азаматтарды емдеуге арналған. Аталған провизорлық стационарлар қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тікелей тапсырмасымен іске асуда, – деді Е.Садыр.

Сондай-ақ, Ербол Әбілхайырұлы қаламызда пневмониямен ауырған науқастар саны 7,2 пайызға өскенін тілге тиек етіп, ендігі мақсат күрт өскен бұл дертті ауыздықтау бойынша қарқынды жұмыс жіргізілетінін айтты. Осыған орай қала әкімінің тапсырмасымен қосымша ғимараттар ашылатынын жеткізді.

– Қазіргі таңда ауруды өткізіп алған науқастардың өлім көрсеткіші өсіп жатыр. Кеше ауыр жағдайда келген 8 науқас көз жұмды. Мұның көпшілігі – бұрыннан созылмалы аурулары бар азаматтар. Осыған байланысты провизорлық стоционарлар күшейтіліп, бәрінде дәрі-дәрмектің барлығы толық жеткілікті. Бұл жағдайды бақылауда ұстап, жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен 25 ИВЛ (өкпенің жасанды желдету аппараты) аппаратты алдық. Бүгінде 301 ИВЛ аппараты бар. Одан бөлек, жатақханаларға демеушілердің көмегімен 6 ИВЛ аппараты қойылды. Бұл ретте демеушілердің тағы бір көмегімен 100 мың бетперде және кислородпен демалатын 100 Боброва аппараты келе жатыр, – деді Е.Әбілхайырұлы.

©Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру