Санатталмаған

АУЫЛДАСТАРЫНА ҮЛГІ БОЛҒАН ПОЛИЦЕЙ

Шежірелі өлке, Келес даласынан түлеп ұшып, елдің қызметінде жүрген азаматтарымыз жетерлік. Соның бірі Келес суына шомылып, топырағына аунап өскен, халықтың қорғаны, яғни полиция қызметіне өмірін байлаған, Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Алмас Амзеев. 1978 жылдың 17 сәуірінде Келес ауданы Чапаев савхозында, қазіргі Біртілек ауылдық округі Дмитров ауылында дүниеге келген. 1984 жылы өз ауылындағы Т.Бигелдинов мектебіне барып, 1995 жылы аталған білім ордасын үздік аттестатпен аяқтап шығады. Бала күнінен сақшы болуды армандаған Алмас Балтабайұлы 1995 жылы Алматы қаласындағы ІІМ-нің Академиясына оқуға түсіп, 1999 жылы заңгер мамандығымен аяқтап шығады. Жоғары білімді офицер атанғаннан соң, Шымкент қаласына келіп Еңбекші ауданы бойынша ІІБ-де тергеуші лауазымында қызметін бастап, әр жылдарда түрлі салада қызмет атқарды. 2002 жылдан бастап ОҚО ІІД-нің Кадр жұмысы басқармасында инспектор лауазымынан, басқарма бастығының орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, 2009 жылы Сараыағаш АІІБ бастығының орынбасары, 2012 жылы Шымкент қаласы Абай ауданы ІІБ бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарады. 2013 жылдан 2018 жылдың шілде айына дейін ОҚО ІІД Кадр жұмысы басқарма бастығының орынбасары қызметіне кірісіп, Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы атанып, Шымкент қаласына Республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен соң, Полиция департаменті де екі аймаққа бөлінді. Содан 2018 жылдың шілде айынан Алмас Балтабайұлы Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалып, бүгінде аталған мансапты абыроймен атқарып келеді. Алмас Әмзеевтің өмір жол өскелең ұрпақ үшін өнеге болумен қатар, үлкен мотивация. Бүгіннің өзінде елдің қорғанына айналамын деп еліктеген жастарға жөн сілтеп, бағдар беруден шаршамайтын Алмас Балтабайұлы, алдағы уақытта да жастарды қолдауға дайын екенін айтуда. Ауданымыздан түлеп ұшып, мегаполистің екінші полицейі атанған жерлесімізді бүгінгі кәсіби мерекесі 23 маусым – полиция күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Қатысты жаңалықтар

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖОЛЫНДА: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

В Туркестане открыт уникальный мурал в поддержку конституционной реформы

azatmedia

АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

azatmedia

ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

azatmedia

ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ

azatmedia

ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АСА ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС БИЫЛ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру