Жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІН ЖЕТКІЗУ БОЙЫНША ФОРВАРДТЫҚ КЕЛІСІМШАРТТАР ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Сауле Конысханқызының арнайы қатысуымен Түркістан облысында ерте пісетін көкөніс өнімдерін жеткізу бойынша форвардтық келісімшарттар жасау жөнінде семинар-кеңес өтті.

Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның аппарат басшысы Бердібай Күзембаев, сондай-ақ тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева, республиканың барлық өңірлерінен келген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы үшін Қазақстандағы ең қолайлы өңір болып саналады. Облыста 90,0 мыңға жуық шаруашылықтар бар, яғни республиканың 31 пайыз үлесі біздің өңірге тиесілі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру, отандық өнім көлемін арттыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар тұрақты жасалуда. Атап айтсақ, ерте пісетін көкөніс дақылдар 15 мың гектарға егу жоспарланып, бүгінгі күнге 12,2 мың гектарға егілді. Оның ішінде картоп 4,2 мың га, қырыққабат 6,4 мың га, сәбіз 1,2 мың га, пияз 1,0 мың га егілді. Жалпы ерте мезгілдік 193 мың тонна қырыққабат, 36 мың тонна сәбіз, 35 мың тонна пияз, 153 мың тонна картоп жиналады.

Бүгінгі семинар-кеңесте өңіраралық байланыстарды нығайта отырып, әлеуметтік маңызы бар тауарларды халыққа делдалсыз жеткізудің тікелей тетіктерін енгізу жолдарын қарастырылды. Кәсіпорны иелері мен жауапты мекемелер арасында «сұрақ-жауап» өрбіді. Кездесу соңында ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері мен өңірлер ӘКК, сауда өкілдіктері арасында екі жақты келіссөз жүргізілді.

Аталған семинар-кеңес ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді өткізу мен баға тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды алаңға айналды. Форвардтық келісімшарттар жасау арқылы шаруалар өз өнімдерін алдын ала тиімді бағамен өткізуге мүмкіндік алып, қаржылық тұрақтылығын нығайта алады. Бұл өз кезегінде егін егу науқанын сенімді жоспарлауға жол ашады.

Сонымен қатар, мұндай келісімдер делдалдар санын азайтып, өнімнің тікелей өндірушіден тұтынушыға жетуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде нарықтағы баға құбылмалылығы төмендеп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігі арта түседі. Бұл халықтың тұрмыс сапасына оң әсерін тигізетін маңызды факторлардың бірі.

Жиын барысында өңіраралық әріптестікті дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Әртүрлі аймақтар арасындағы келісімдер көкөніс өнімдерін маусымаралық кезеңде тұрақты жеткізуге мүмкіндік беріп, ішкі нарықтағы тапшылықтың алдын алуға сеп болады. Жалпы, Түркістан облысында қолға алынған бұл бастама агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасы болып табылады. Алдағы уақытта форвардтық тетіктерді кеңінен қолдану арқылы ауыл шаруашылығы саласының тиімділігі артып, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі күшейе түспек.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ «ФОСФОР» АУРУХАНАСЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР РЕТІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

azatmedia

Тағы бір белгілі саясаткер қызметінен кетті

azatmedia

БӘЙДІБЕКТІК ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ҰТЫП, ТІГІН ЦЕХЫН АШТЫ

azatmedia