Жаңалықтар

КАРАНТИН ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАН БАЗАР ӘКІМШІЛІГІНЕ ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

AzatMedia. Абай ауданы әкімдігі тарапынан құрылған мобильдік топтың аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарға карантиндік талаптарды қатаң сақтауы бойынша мониторинг жасап, кәсіпкерлік нысан иелеріне карантин талаптарын қатаң сақтауын, азаматтарда міндетті түрде бетперденің, кіре берістерде дизенфекциялық өткелдің, антисептиктердің және дене қызуын өлшейтін аппараттардың болуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында «Авто-Нұр» базарының әкімшілігіне карантиндік талаптарды орындамағаны үшін Абай аудандық көрсетілетін қызметтер мен тауарлар сапасын бақылау басқармасы тарапынан хаттама толтырылып, әкімшілік шара қолданылды.

Сонымен қатар, мобильдік топ Шымкент қаласының Бас санитар дәрігерінің Қаулыларын орындау мақсатында, күнделікті кәсіпкерлік нысандарға түсіндірме және мониторинг жасауды жалғастыруда.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев кәсіпкерлік нысан иелерінен эпидимологиялық жағдай тұрақталғанға дейін барынша карантин тәртібін қатаң сақтауды талап етіп бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Осы орайда, өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ХАЛЫҚПЕН ЖАҚЫНДАСТЫРАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ШАП ЖАРЫҒЫН ЛАПАРОСКОПИЯ КӨМЕГІМЕН ЕМДЕЙ БАСТАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру