Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

AzatMedia. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылы 15 маусымда Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс алтыншы сессиясында Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ішінен дін істері функциясы алынып, жаңадан «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» құрылды. Сондай-ақ, Ішкі саясат басқармасының құрамына жастар бөлімі енгізіліп, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы болып қайта құрылды.

Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының жастар істері бөлімі ішкі саясат басқармасына қосылуының негізігі себебі бір бағытта жұмыс жасауы болып отыр. Жастар саясатын жүргізу ішкі саясат басқармасының құзырына қарайтын болғандықтан біріктірілді.

Сонымен қатар Шымкент қаласы мегаполис статусын алғанға дейін (2018 жыл шілде айы) жастар істері жөніндегі бөлім ішкі саясаттың құрамында болған. Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың қалған бөлімдері Білім басқармасының құрамына енгізілді.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру