Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫНА 10 МЛН МЕТР ДЖИНСЫ МАТАСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

Түркістан облысының экономикалық ахуалын жақсарту, өңірге инвестиция тарту, отандық өндірісті дамыту мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді. Бүгін осы мақсатта Түркістанда кезекті жоба бастау алып, джинсы маталарын шығаратын кәсіпорынның іргетасы қаланды. Оған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС-ның директоры Жин Ёуйй қатысып, мақта-мата жібін иіру мен джинсы маталарын өндіру желілерінің құрылысының капсуласын салды.

– Бүгін Түркістан өңірінің жеңіл өнеркәсіп саласында стратегиялық маңызды жобаның іргетасы қалануда. Арнайы экономикалық аймақта «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС-нің джинсы маталарын өндіру зауытының құрылысы басталады. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап берді. Жолдаудың басты идеясы – мемлекетімізді инновация мен цифрлық технологияға негізделген экономикаға көшіру. Біріншіден, экономиканы әртараптандыру міндеті қойылды. Бұл ретте біз Түркістан облысында мақта кластерін дамытуды бастап кеттік. Бұдан былай өңірдегі мақта 100 пайыз өзімізде өңделіп, дайын өнімдер шығарылады. Солардың бірі – бүгін іргетасы қаланған зауыт еліміздің тоқыма өндірісін жаңа деңгейге шығарады. Мұнда жылына 30 мың тонна мақта-мата жібі мен 10 млн метр джинсы маталары өндіріледі. Дайын өнімдер Еуропа мен Орталық Азия елдеріне экспортқа шығарылады. Жоба толық жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда. Бұл – Түркістан облысындағы ивестиция тарту жұмыстарының жарқын жемісі. Біздің алдымызда Түркістан облысын өзін толық қамтитын әрі терең өңдеу саласы дамыған өңірге айналдыру міндеті тұр. Өйткені, Түркістан – жеңіл өнеркәсіпті дамытуға қолайлы өңір. Бұл жаңа зауыт – импортты алмастыруға, экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған ірі жоба. Осы нысан іске қосылғанда Түркістан – Қазақстандағы тоқыма орталықтарының біріне айналары анық. Сондықтан жобаға атсалысқан инвесторларға алғысымды білдіремін! Жаңа жоба сәтті жүзеге асып, Түркістанның өндірісі дами берсін! – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Аталған нысанда жылына 10 млн метр джинсы маталары өндірілмек. Жобаның жалпы құны 23,3 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ мұнда мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Нысанның жалпы аумағы 20 гектарды қамтиды. Зауыт жұмысына қажетті жабдықтар толық заманауи технологиялармен қамтылады. «Turan» арнайы экономикалық аймағында орналасқан нысан жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Жобаны үш кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жалпы, облыстағы индустриалды аймақтар, шағын өндірістік парктер мен арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын жандандыру нәтижесінде 10 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн. теңгеге жетіп, өсім деңгейі 113,4 пайызды құрады.

Жобаның жүзеге асырылуы Түркістан облысының экономикасын әртараптандырудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл аймақтың жеңіл өнеркәсіп саласындағы әлеуетін арттырып, өндірістік базаны нығайтуға үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Түркістанның жаңа тоқыма орталығына айналуы мақсатында қолға алынған бұл жоба өңірдің индустриалды дамуына тың серпін береді. Әсіресе, мақта кластерін дамытудың маңызды екенін атап өту керек, себебі Түркістан облысы мақта өндірісі бойынша елімізде жетекші орындардың бірінде тұрады. Мақтаны толық өңдеу, оның ішінде дайын өнімдер шығару арқылы облыстың өнеркәсіп саласы жаңа деңгейге көтеріледі.

Зауыттың іске қосылуы мен оның өндірістік қуаттылығын ескере отырып, экономикалық әсері айтарлықтай болатыны анық. Жылына 10 миллион метр джинсы матасының өндірісі тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, халықаралық нарықтарға да экспортталатын болады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, жаңа нарықтарды игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заманауи технологиялар мен өндірістік жабдықтар зауыттың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өндіріс процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді.

Зауыттың ашылуы мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл Түркістан облысында жұмыссыздықты азайтуға және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететіні сөзсіз. Жобаның қаржылық көлемі мен үш кезеңге бөлінген жүзеге асыру жоспары оның ұзақ мерзімді әрі тұрақты даму перспективасына ие екенін көрсетеді. Инвесторлар мен жергілікті биліктің бірлескен күш-жігері өңірдің экономикалық жағдайын көтеріп, еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласын жаңа белеске шығарады. Түркістанда іске қосылатын джинсы маталарын өндіру зауытының құрылысы тек аймақтық деңгейде ғана емес, ұлттық экономика үшін де стратегиялық маңызға ие жоба болып табылады. Ол елімізді импортқа тәуелділіктен арылтуға, өз өндірісін дамытуға және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға бағытталған қадамдардың бірі болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

ПАРТИЯ ФИЛЛИАЛЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

azatmedia

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

azatmedia

ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА АДАЛ БОЛУ ІСІ ТОҚТАМАЙДЫ

azatmedia