Келес ауданының орталығы Абай ауылында «Қазақтелеком» АҚ тарапынан байланыс инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ескірген бағаналар біртіндеп, ауыл ішіндегі ішкі байланыс желілері толық жаңартылуда. Аталған жоба интернет жылдамдығын бірнеше есеге арттырып, ауылдың цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді.
Бүгінге дейін Абай ауылында интернет жылдамдығы орта есеппен 8 Мбит/с болса, жоба іске асырылғаннан кейін бұл көрсеткіш 500 Мбит/с-қа дейін көтеріледі деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта ауылда 1 550 абонент бар, ал жаңғырту аяқталған соң жалпы 5 мың абонентке дейін қосуға мүмкіндік пайда болады. Жоба «Қазақтелеком» АҚ-ның инвестициялық пакеті аясында жүзеге асырылуда. Жоспарға сәйкес жұмыстар 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында толық аяқталады деп күтілуде.
Жаңғырту жұмыстары қолданыстағы барлық жүйелерді кезең-кезеңімен жаңалау бағытында іске асуда. Оның ішінде мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандар және тұрғын үйлердегі интернет желісін жаңарту жоспарланған. Бұл қадам ауылдағы барлық маңызды инфрақұрылымның сапалы байланысқа бірдей қол жеткізуіне жағдай жасайды. Бұған қоса, биыл аудандағы 40 елді мекенді сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы басталған. Оптикалық желі келесі жылы толық аяқталып, аудан аумағындағы барлық әлеуметтік нысандар жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылады.Мамандардың айтуынша, жаңа желілердің қосылуы мобильді интернет пен ұялы байланыс сапасының да айтарлықтай жақсаруына ықпал етеді. Бұл ауданның цифрлық инфрақұрылымын күшейтіп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, білім беру және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Жаңғырту жұмыстарының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының интернетке қолжетімділігін жақсарту ғана емес, сонымен қатар, қазіргі заман талаптарына сай сапалы байланыс қызметтерін ұсыну. Абай ауылында жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жаңғыртуы ауданның басқа да елді мекендеріне үлгі боларлық жобалардың бірі болмақ. Бұл шаралар арқылы ауыл тұрғындары интернетке тек қана жеке пайдалану үшін ғана емес, сонымен қатар, білім алу, жұмыс істеу, және бизнесті дамыту мақсатында да тиімді түрде қол жеткізе алады. Мысалы, жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілген мектептер мен оқу орындары қашықтан оқытуға арналған ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдалана алады, ал кәсіпкерлер жаңа мүмкіндіктерді қолданып, онлайн бизнестің өркендеуіне ықпал етеді.
Жалпы алғанда, ауданның цифрлық инфрақұрылымын жаңарту еліміздің цифрлық даму стратегиясымен толық үйлеседі. Мұндай жобалар Қазақстанның барлық аймақтарында жүзеге асырылып, өңірлердің теңдессіз даму мүмкіндіктерін ашып отыр. Қазіргі уақытта интернет қызметтері тек байланыс құралы ғана емес, ол білім беру, медицина, сауда, қызмет көрсету, және мемлекеттік қызметтер сияқты салаларда негізгі рөл атқарады. Сондықтан да аудан тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы интернет желісінің тартылуы аймақтағы өмір сүру сапасын арттырып, цифрлық теңсіздікті жоюға үлкен үлес қосады. Аудандағы жоғары жылдамдықты интернет желісінің іске қосылуының тағы бір маңызды аспектісі – тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуы. Бұл өзгерістер халыққа тек интернет арқылы жұмыс істеу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар, өз жобаларын іске асыруға, онлайн қызметтерді пайдалану арқылы өмір сүру сапасын жақсартуға жол ашады. Мұндай жоба ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін көтеріп, жастардың жұмысқа орналасуына да оң ықпал етеді, себебі көптеген жас мамандар мен кәсіпкерлер қалаға көшіп кетуге емес, өздерінің кәсіптерін ауылда дамытуға мүмкіндік алады.
