Ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұжымы “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының аясында жалпықалалық сенбілікке шықты. Акция барысында мекеме қызметкерлері Т.Айбергенов көшесінің бойындағы ирригациялық арықтар мен тұрғын үй аулаларын, жолдарды қоқыстан тазартты.

Мекеме мамандары бекітілген аумақты қоқыстан тазалап, жасыл желектердің айналасын ретке келтіріп, қаланың көркін арттыруға бағытталған жұмыстарды атқарды. Бұл іс-шара қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру мен тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Айта кетейік 20 қыркүйек күні елімізде World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне орай республикалық тазалық акциясы өтуде. Аталған шараға Шымкент қаласы да белсенділік танытуда.

#ТазаҚазақстан

Қатысты жаңалықтар

Жаңа топтық су құбыры Түркістан облысын сумен тұрақты қамтамасыз етеді

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ҚХА МҮШЕЛЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 532 ОҚУШЫҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

azatmedia