Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ – ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР

Қазығұрт ауданында еліміздің маңызды кәсіби мерекелерінің бірі – «Құрылысшылар күні» кеңінен аталып өтті.

Мереке қарсаңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов құрылыс саласының ардагерлері мен еңбек озаттарын құттықтап, ауданымыздың сәулеті мен келбетінің көркеюіне, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан ардагер құрылысшыларға “Еңбек даңқы” және “Елеулі еңбегі үшін” медалдарын табыстап, бірқатар сала мамандарын алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты шараға аудандық мәслихаттың төрағасы Тайбек Қалымбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров, Қазақстан Республикасының “Құрметті құрлысшысы”, Қазығұрт ауданының “Құрметті азаматы” Кәрім Қарсыбаев сондай-ақ құрылыс саласының ардагерлері мен мамандары қатысты.

Құрылысшылар күні алғаш рет 1956 жылдың тамыз айында аталып өткен. Тамыздың әр екінші жексенбісінде тойланатын бұл мереке – көптеген посткеңестік елдерде сақталып қалған дәстүр. Қазақстанда бұл кәсіби мереке 1998 жылдан бастап ресми түрде мерекелер тізіміне енгізіліп, жыл сайын атап өтіледі. Бұл мереке – ел игілігі үшін еңбек етіп, жаңа нысандар тұрғызып, ауданның сәулеттік келбетін көркейтіп жүрген құрылысшыларға деген қоғамның алғысы.

Мерекелік шарада аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қатысты жаңалықтар

Халықтар достығы – мызғымас мемлекет негізі

azatmedia

Отбасындағы тәртіп ережелері жүйесі

azatmedia

«ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕ»: ТЫЛ АРДАГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia