Ақпарат

ШЫМКЕНТ: ТЕКЕСУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сумен жабдықтау жүйесі іске қосылған Текесу тұрғын алабын аралады. Мегаполис басшысы жергілікті тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтап, жобаның маңыздылығын атап өтті.

Бұл бағыттағы жұмыстар әкімнің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды. Халықпен кездесулердің бірінде жергілікті тұрғындар ауыз суға тұрақты қол жетімділіктің жоқтығына назар аударған болатын.

Жоба 130 абонентті сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталып, 14 шақырым су құбыры жүргізілді. Жұмыстар демеушілер қаражаты есебінен жүргізілді.

Қала әкімі демеушілер мен мердігер ұйымдарға көрсеткен әлеуметтік жауапкершіліктері үшін алғысын білдірді. Бірлескен жұмыстар нәтижесінде жергілікті халық санитарлық талапқа сай таза, үздіксіз ауыз суға қол жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

«ЖЕТІСАЙ СПОРТ КЛУБЫ» БІР ЖЫЛДА 373 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНГЕН

azatmedia

7 күнде артық салмақтан арылудың бірнеше әдісі

azatmedia

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ (WTA) – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ АЛЬЯНСЫ ҚҰРАМЫНА ӨТУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

azatmedia