Ақпарат

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮШ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және спортпен айналысуына мүмкіндік беретін үш жаңа нысан ашылды. Бабата елді мекенінде кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілсе, Жартытөбе ауылында да кіші футбол алаңы ел игілігіне ұсынылды.

Ашылу рәсіміне арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жергілікті тұрғындарды жаңа нысандардың ашылуымен құттықтап, ауыл жастары үшін жасалып жатқан игі істердің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында бүлдіршіндерге балмұздақтар үлестірілді. Жаңа ашылған алаңдарда алғашқы ойындар өтіп, балалардың қуанышы еселене түсті. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Жаңа нысандардың ауыл өмірін жандандырып, балалар мен жастардың уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретінін атап өтті. О

сы ретте, округке қарасты Аққолтық елді мекеніндегі кіші футбол алаңының құрылысы да аяқталуға жақын. Жуық арада пайдалануға берілмек.

Қатысты жаңалықтар

Жеті түрлі ауру жаппай таралғанда карантин жариялануы мүмкін

azatmedia

ПАРТИЯНЫҢ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫ ПРОАКТИВТІ ҚЫЗМЕТІН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

azatmedia

САЙРАМДЫҚТАР СЕРПІНДІ ДАМУ ЖОЛЫН ЖАҚТАЙДЫ

azatmedia