Ақпарат

САРЫҒАШТАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚТА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ БАҚША ӨНІМІ ӨНДІРІЛГЕН

Бүгінде Сарығаш ауданында ірі интенсивті бау-бақша өсіру жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар елді мекенінде орналасқан «АгроФУД Қазақстан» шаруақожалығының жұмысымен танысты. Жалпы 215 гектар аумақта орналасқан бақшада алхоры, шабдалы және алма сынды жоғары сұранысқа ие жеміс түрлері өсіріледі.

Аталған шаруашылықта 76 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, ал маусымдық кезеңдерде қосымша 70 адам жұмыс істейді. Бұл – ауыл шаруашылығында жұмыс орындарын құрып, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Жеке кәсіпкер Акмал Қадырбековтың сөзінше, бақшада 2025 жылдың жарты жылдығында барлығы 1070 тонна бақша өнімі өндірілген. Оның ішінде, алхоры 90 тонна, алма 800 тонна, шабдалы 180 тонна бар. Бұл көрсеткіш шаруашылықтың тиімді жұмыс істеп, өнім көлемін арттыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетеді.

Сондай-ақ, шаруашылықта су үнемдеу технологияларын тиімді пайдалану мақсатында тамшылатып суғару жүйесі енгізілген. Бұл жүйе өнімділікті арттырумен қатар, экологиялық тиімділікті де қамтамасыз етеді, өйткені су ресурстарын үнемді пайдалану ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына үлес қосады.

Кездесуде аудан әкімі еңбек өнімділігі мен заманауи технологияларды үйлестіре білген осындай жобалардың ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, әкімдік тарапынан кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатындығын жеткізді. Бұл шаруашылықтың болашақта тағы да кеңейіп, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуына мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

«Ат қорасы, моторлы яхтасы бар» – Депутат ұлттық компаниялардың шығынын сынады

azatmedia

СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАУ ШТАБЫ АШЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН 50 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

azatmedia