Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР ЖӘНЕ АРЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР ЖӘНЕ АРЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Түркістан облысы, Отырар ауданында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Өңірлік кеңесінің кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Арыс қаласы мен Отырар ауданынан келген кәсіпкерлер, Өңірлік кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және салалық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов және Палата директоры Асылан Ибадуллаев кәсіпкерлерді жеке қабылдап, өзекті мәселелерін тыңдады.

Бұл кездесудің мақсаты – кәсіпкерлер мен билік арасындағы байланысты нығайту, бизнес ортаны жақсарту және өңірдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру. Арыс қаласының кәсіпкерлері жер, жол белгілері, оның ішінде, ішкі көшелерде жүк көліктерінің жүруіне рұқсат беру, Түркістандағы Шеберлер орталығынан орын алу, субсидия, шетел азаматтарын жұмысқа алу мәселелерін көтерді. Осы мәселелер арқылы кәсіпкерлер өздерінің бизнесін кеңейту, жұмысшыларын тұрақты жұмыспен қамту үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруды көздейді. Ал отырарлық кәсіпкерлер су тапшылығы, табиғи газға қосылу, электр желісін тарту сияқты мәселелерді ортаға салды.

Айта кету керек, Отырар ауданында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларын дамыту бағытында бірқатар ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Кәсіпкерлер мен билік арасындағы ашық диалог алаңына кездесуде көтерілген мәселелерді заң аясында жедел әрі жүйелі шешу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Кездесуден кейін бизнес өкілдері Отырар ауданындағы «Lihua Spinning Technology Co., Ltd» кәсіпорнына барып, шетелдік инвестордың тоқыма өндірісімен танысты. Бұл кәсіпорынның жұмыс істей бастауы өңірдің экономикасына тың серпін беріп, жұмыс орындарын құруға зор үлесін қосуда. Қытайлық компания өңірде 500-ден астам адамды жұмыспен қамтып, заманауи технологиялармен жұмыс істеуде. Бұл – Отырар ауданындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі әрі өңірлік экономиканың дамуына ықпал ететін маңызды бастама.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ӨНДІРІС ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

azatmedia

Семейліктер ереуілге шықты

azatmedia

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

azatmedia