Ақпарат

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов аудандық орталық ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы әлеуметтік маңызы зор нысанның құрылыс қарқыны мен сапасына ерекше назар аударып, мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді.

Қазіргі таңда аурухана ғимаратында ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, шатыр мен қасбет жаңартылуда, инженерлік жүйелер толықтай қайта жабдықталуда. Жөндеу аяқталғаннан кейін аурухана заманауи талаптарға толық жауап беретін деңгейге жетеді.

Арман Сабитов: «Бұл — аудан тұрғындарының денсаулығына тікелей әсер ететін маңызды нысан. Сондықтан жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімі басты назарда. Медициналық мекемелерде жайлылықпен қатар, қауіпсіздік пен қолжетімділік те толық қамтамасыз етілуі тиіс», — деп атап өтті.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң аурухана соңғы үлгідегі заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін арттырады.

Сонымен қатар, аудан әкімі нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың әр кезеңі бойынша жауапты мамандардан нақты есеп талап етіп, құрылыс сапасын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Мердігер мекемеге бекітілген өндірістік кестеден ауытқымау және қауіпсіздік стандарттарын сақтау міндеттелді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА МЕРЕКЕДЕ ҚАРИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАЗҒЫ-САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНЕ БАРАДЫ

azatmedia

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МҰҚАЛМАС РУХЫ

azatmedia