Ақпарат

САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ РЕТ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Сарығаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев бүгін кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, кезектілік тәртібімен жазылған тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Алдымен аудан әкімі аппаратының бірінші қабатына арнайы түсіп ерекеше қажеттілігі бар азаматтың мәселесін тыңдады. Тұрғындар тарапынан арендалық тұрғын үйлерге қатысты, әлеуметтік және жеке мәселелері бойынша сауалдар жолданды.

Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заң аясында жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетсек, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және Сарыағаш ауданы әкімі аппаратына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Қосымша мәлімет бойынша: + 7 (725 37)7-97-13. 

Қатысты жаңалықтар

КЕНТАУДА МОДУЛЬДІ КАПСУЛАЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАЗҒЫ-САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНЕ БАРАДЫ

azatmedia

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia