Санатталмаған

Мұрат Әйтенов алғашқы халық алдында есеп беруі

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша шаһар тұрғындарының алдында есеп берді.
Мұрат Дүйсенбекұлы атқарылған жұмыстармен қатар, 2020 жылға жоспарланған тірліктер барысын баяндады. Алдағы үш жылдың даму бағдарламасына сәйкес, басты назар инфрақұрылымға аударылатынын атап өтті. Қалаға қосылғанын елді мекендердегі әлеуметтік мәселелер де енді жүйелі түрде шешімін табады .
Мәселен, 2022 жылы Шымкентте көгілдір отын мәселесі толығымен шешімін табады. Ал, қала аумағындағы канализация проблемасын шешу мақсатында, қуаты 150 мың метр куб. тазарту қондырғысының құрылысын алдағы үш жылда кезең-кезеңімен салу жоспарлануда.
Биылғы жылы жергілікті бюджеттен 8 елді мекенді сумен қамтитын 2 магистралды су құбырының құрылысы жүргізіледі.
Электр қуатын артыру мақсатында 220 кВ Бозарық подстанциясының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, екі подстанцияның құрылыстары басталды. Ол да келесі жылы пайдалануға беріледі. Жоспар бойынша биыл 227 көше жөнделеді.Ал көлік кептелісін шешу мақсатында, 13 магистралды жолды қайта құру, 2 үлкен жолайырықтың (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би – Арғынбеков) және 4 көпірдің құрылысы, Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 айналма жолы, №1 автожол, Адырбеков көшесін қайта құру, Әл-Фараби көшесінің жалғасын салу көзделген.
2020 жыл шымкентіктер үшін маңызды жыл болмақ. Биыл Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл Шымкенттің халықаралық аренада танылуға алғашқы қадамы екенін атап өтті. Шымкент қаласының ЮНЕСКО-мен бекітілген 2200 жылдық мерейтойына, Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына, Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар өтетінін мәлімдеді.
Есепті кездесуге тұрғындар көптеп жиналды. Әкімге тұрғындар сауал жолдап, нақты жауап алды. Қала әкімі кейбір азаматтарды жеке қабылдауына шақырып, мәселені бірлесе шешетін болып келісті.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру