Түлкібас ауданының «Борсық сай» шаруа қожалығы тары тұқымдас сорго өсімдігінің жаңа сортын сынақ түрінде мамыр айының басында егіп, алғашқы өнімді алғалы отыр.Бүгін аталған шаруа қожалыққа аудан әкімі Асқар Естібаев арнайы барып, егін алқабының басында болды.
Қожалық төрағасы Мылтықбаев Данияр сүтті сиырға таптырмас азық түрінің тұқымын шетелден арнайы алдырып, 3 гектар жеріне отырғызған.Аудан басшысы кәсіпкердің ісіне оң бағасын беріп, алғашқы өнімін аудандағы сүт өндірумен айналысатын кәсіпкерлерге үлестіруді, тұтынушылардың көңілінен шыққан жағдайда өнімді молайтуды ұсынды.
Бұнымен тоқтап қалмай, алдағы жылы кәсіпкер тағыда аталған өсімдік түрін 15 гектер жеріне егуді жоспарлап, оған тамшылатып суғару әдісін енгізуді көздеп отыр. Сорго – суды көп қажет етпейтін, мал азығымен қатар тамақ өнеркәсібінде де кеңінен пайдалануға болатын өсімдік түрі. Дұрыс қараған жағдайда бұл өсімдік жылына 4 рет оруға болады, биіктігі 6 метрге дейін жетеді.