Ақпарат

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫ МАҢЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторлармен кездесті. Инвестор Түркістан облысында замануаи индустриалды аймақ және Мақтаарал ауданы, «Атамекен» кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

– Біз өндірісті өркендетуге жаңа зауыттар мен жұмыс орындарын ашуға басымдық беріп отырмыз. Инвесторларға инфрақұрылым бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Әрбір жобаны сүйемелдеп, бірге жұмыс істейміз, – деді Нұралхан Көшеров.

Кездесу барысында әріптестік жөніндегі меморандум түзу бойынша келісім жасалды. Инвестор Мақтаарал ауданы, «Атамекен» кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында электр жабдықтарын, пластмасса өнімдерін, жылу құбырларын және өзге де заттар шығаратын кәсіпорындар ашуды көздеп отыр.

Сонымен бірге инвестиция тартып, бизнес орталық, жүк сақтау қоймаларын салу жоспарын да жеткізді. Бұл мәселелер зерделеніп, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Қатысты жаңалықтар

ҰБТ-да мұғалім талапкерге тест сұрақтарына көмектескен (видео)

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

azatmedia

Шалғайда жатқан ауылдардағы оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

azatmedia